$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тез-тез жүр»: Назарбаев даңғылында жаяу адамды балағаттаған адам айыппұл арқалады

Көлік жүргізіп келе жатқан жігіт жауя жүргіншіге «тез жүр» деп айқайлаған

«Тез-тез жүр»: Назарбаев даңғылында жаяу адамды балағаттаған адам айыппұл арқалады
Фото: © freepik.com / EyeEm

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жаяу жүргіншіні балағаттап, оны асықтырған көлік жүргізушісіне 55  мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болған

Іс құжаттарына сай, 2025 жылдың 28 мамырында сағат 17:05 шамасында Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы бойымен келе жатқан жігіт жаяу жүргіншіге арналған жолда тоқтаған. Одан өтіп бара жатқан басқа адамды балағаттап, «жолдан тез-тез өт» деп айқайлаған.

Оның кінәсі дәлелденді

Құқық бұзған адам сот отырысында айтқан сөздеріне өкінетінін айтып, әлгі адамнан кешірім сұраған.

Сот қандай шешім қабылдады

 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары