$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада «2ГИС» қосымшасына пікір жазған ата-аналар сан соғып қалды

Бір әйел ондаған ата-ананы алдап 1 млн теңге жинап алған

Астанада «2ГИС» қосымшасына пікір жазған ата-аналар сан соғып қалды
Фото: pixabay.com

Астана қаласының прокуратурасы ата-аналарды алдап, балабақша кезегі үшін ақша алған әйелдің кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, әйел 2ГИС мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен баласын балабақшаға кіргізе алмай жүрген адамдарды тапқан.

«Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін «делдал» ретінде таныстырып, сыйақы үшін «Indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшадан орын алып беретінін айтқан. Ақшаны алған соң жасырынған», - деп хабарлайды прокуратура.

Отыз ата-ана 1 млн теңге жинап берген

Бұл әйелге жалпы саны 30-дан астам адам 1 млн теңге жинап берген екен. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

«Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерден алған ақшаны жартылай қайтарып бергенін айтқан. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады», - деп хабарлайды прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары