$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақсуда ұрлық жасап, басқа ауылға «қыдырып» кеткен азамат түрмеге түсті

Прокуратура азаматты түрмеге қаматты

Ақсуда ұрлық жасап, басқа ауылға «қыдырып» кеткен азамат түрмеге түсті
Фото: istockphoto.com

2023 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданының тұрғыны ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, оған пробациялық бақылау орнаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстың прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, азамат жеңіл жаза алғанына қарамастан, тәртіп бұзып жүре берген.

«Себеп жоқ болса да, сондай-ақ пробация қызметіне хабарламай ол бірнеше рет ауданнан тыс жерлерге шығып, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ол ішімдік ішкен, қоғамдық орындарда адамдарды балағаттаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны ауыстырып бас бостандықты айыру туралы ұсыныс жолдаған, бірақ бірінші сатыдағы сот өтінішті қанағаттандырмаған.

«Ақсу ауданының прокуратурасы адамның түзу жолына түспегенін және қоғамға жат мінез-құлыққа бейім екенін ескере отырып, сот актісіне жеке өтініш енгізген. Облыстық сот бірінші сатыдағы сот актісін жойып, жазаның қалған бөлігін өтеу үшін түзеу мекемесіне қамаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Басқа аудандарда да жеңіл жаза арқалағандар түрмеге түсті

Бұдан басқа биыл Көксу, Панфилов және Кербұлақ аудандарының прокурорлары жеңіл жазасын дұрыс өтемеген 3 адамды түрмеге түскен.

Серіктес жаңалықтары