Прокуратура бұл көше жуырда ғана жөнделгенін анықтаған
Қызылорда қаласының прокуратурасы әкімдік ақшаны қалай және қайда жұмсап жатқанын тексере келе өрескел заң бұзу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына талдау жүргізе келе 2,8 млрд теңгенің заң бұзу фактілерін анықтаған.
«Атап айтсақ, әкімдік осының алдында ғана жөнделген көшені қайта жөндеу үшін 1,4 млрд теңгенің тендерін жариялаған. Бұдан өзге, қай жер жөнделетіні немесе нақты жұмыс көлемі жазылмай, жобалық-сметалық құжаттама жазыла отырып, көшелерді жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінген», - деп хабарлайды прокуратура.
Ал бұл көшелерді тазалауға әкімдік 223,2 млн теңгенің конкурстары жариялаған.
«Прокуратураның қадағалау актісі арқылы құны 2,8 млрд теңгенің 3 конкурсы жойылды», - деп хабарлайды прокуратура.