$ 511.77  593.19  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысының бас экологы мен зауыт басшылығы сотталды

Сот оларға 24 млн теңге айыппұл салды

Жамбыл облысының бас экологы мен зауыт басшылығы сотталды
Фото: скриншот

Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Полатбеков пен осы кәсіпорынның экологы Асанды соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

«Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл төлейтін болды», - деп хабарлайды Антикор.

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары