$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда «OLX» пен «Instagram» арқылы 6 жыл бойы қарыз берген жігіттің ауыр қылмысы ашылды

Ол адамдарға 100 пайыз үстемақымен әрі құйтырқы әрекет арқылы қарыз берген

Қостанайда «OLX» пен «Instagram» арқылы 6 жыл бойы қарыз берген жігіттің ауыр қылмысы ашылды
Фото: freepik.com

Қостанай облысында алты жыл бойы 72 адамға үлкен сомада қарыз беріп, 556 млн теңгені қалтасына басқан жігіттің үстінен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол осы жылдар бойы лицензиясы жоқ болса да «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызбен қарыз берген. Адамдармен жасасқан мәміледе ол өзі беріп отырған сомадан әлдеқайда көп ақша көрсетіп, ол үстемақымен есептелген сома деп айтқан. Кепіл ретінде адамдардың мүлкін алып отырған.

«Аталған схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған», - деп хабарлайды ҚМА. 

Еміне ақша таппаған зейнеткерді алдап соққан

Бұл күдіктіден зардап шеккен адамның бірі -  Рудный қаласындағы зейнеткен. Еміне ақша таппай қысылған зейнеткер осы жігітпен мәмілеге отырған. Келісімшартта ол жігіттен 13,2 млн теңге алдым деп көрсеткен. Алайда, жігіт оған 6 млн теңге беріп, екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңге төлеуге міндеттеген. Яғни, мәміледегі 13,2 млн теңге сома пайызбен есептелген қаражат деп жазғызған.

«Қарызды төлеу үшін зейнеткер жалғыз пәтерін кепілге қойған.  Мұндай ауыр әрі әділетсіз талаптар азаматтар үшін үлкен қауіп тудырады, олар алдану арқылы өз мүлкінен айырылып қалу қаупіне ұшырайды», - деп жазған ҚМА.

Күдіктінің мүліктері

Сот күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне санкция салды. Олардың ішінде 6 жеке тұрғын үй, 3 автокөлік («TANK 500», «TOYOTA CAMRY», «MITSUBISHI FIGHTER») бар.

Серіктес жаңалықтары