09.06.2020, 15:34
Оқиғалар
Петропавлда балабақша тәрбиеленушісінен коронавирус анықталды
Балабақша 14 күнге карантинге жабылды
Фото: ашық дереккөзден
Петропавлда үш жасар баладан коронавирус жұқпасы анықталды. Онымен 23 адам жақын қарым-қатынаста болған. Оның 18-і балабақшада бір топқа барып жүрген балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, олардың барлығынан сараптама алынған. Нәтижесі әзірге белгісіз.
Мамандар балаға коронавирус дерті жуырда Ресейге барып, коронавируспен ауырып қалған әкесінен жұққан болуы мүмкін екендігін айтты. Бір отбасынан 4 адам жұқпаға шалдыққан. Балабақша 14 күнге карантинге жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында симптомды коронавирусқа шалдығудың 68 фактісі тіркелген.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті