28.05.2025, 16:41
Оқиғалар
Астанадағы LRT маңынан өрт шықты
Құрылыс материалдары жанған
Фото: t.me/astanovka98
Астанада салынып жатқан LRT маңайы қара түтінге оранды. ТЖ министрлігінің ақпаратынша, құрылыс аумағында құрылыс материалдары өртенген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Қабанбай батыр даңғылында ЛРТ құрылысы ауданынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер шамамен 15 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтаған. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт сөнді», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
10.08.2026, 09:59
Біреуді сотқа беремін деп, өзі кінәлі болып шықты: елордада ерекше сот ісі қаралды
10.08.2026, 16:08
Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды
10.08.2026, 07:27
+41°C-қа дейін ыстық: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы