27.05.2025, 17:20
Оқиғалар
Жезқазғанға кетіп бара жатқан пойызда жолаушы жүкті әйелді босандырып алды
Өмірге сап-сау қыз бала келді
Фото: t.me/etozhez
Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жолаушылар пойызында аяғы ауыр жас келіншек қыз бала босанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға таңертеңгі уақытта болған. Жас келіншектің толғағы пойыз жүріп келе жатқан сәтте басталған. Абырой болғанда, жолаушылар арасында кәсіби фельдшер болған. Ол тағы екі жолаушының көмегімен шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, әйелді аман-есен босандырып алды.
Көп ұзамай пойыз жақын маңдағы станцияға тоқтаған. Сол жерде ана мен жаңа туған нәрестені жедел жәрдем қызметі қарсы алып, медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы, өмірлеріне еш қауіп жоқ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды