$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылдағы әкімдер әпкесі мен енесіне қымбат жерлерді оңды-солды таратқан

Шенеуніктердің әрқайсысы 275 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Жамбылдағы әкімдер әпкесі мен енесіне қымбат жерлерді оңды-солды таратқан
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық соты туыстарына жер берген әкімдердің ісін қарап, оларға айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кімдер жер алған

Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің енесі бау-бақша өсіру үшін 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер алған. Бірақ, екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауысып кеткен.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне құқық алған. Әкімнің қайын атасы 0,3500 гектар жер теліміне ие болған.

«Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады. Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлайды Жоғарғы сот.


 

Серіктес жаңалықтары