$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы LRT адамдарды жұмысқа шақырып жатыр

Компания бос жұмыс орындары туралы хабарлап, оның шарттарын түсіндірген

Астанадағы LRT адамдарды жұмысқа шақырып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«City Transportation Systems» компаниясы Астанадағы LRT-да жұмыс істейтін диспетчерлерді іздеп жатыр. Оның алдында компания адамдарды алты ай оқытпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, LRT автомат қозғалатын пойыз, оның жүргізушісі болмайды. Сондықтан, компания:

  • жүйені жедел басқарып, диспетчерлейтін;
  • LRT-ның қозғалыс режимін түзететін
  • Жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ететін адамдарға конкурс жариялаған.

Жұмыс беруші қандай шарттар ұсынып отыр

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа тұра алады
  • Жұмыс берушінің есебінен оқып, біліктілігін арттыра алады

«Оқу мерзімі – 6 айға дейін. Оқыту Астана қаласында және Қытай Халық Республикасында жұмыс берушінің есебінен өткізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады», - деп хабарлайды компания.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

  • Көлік, теміржол көлігі саласында жоғары білім;
  • Көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде кемінде 6 ай диспетчер/оператор лауазымында жұмыс істеуі керек.

Сондай-ақ адамның іс-сапарларға дайын болғаны абзал. Диспетчерлер ауысыммен жұмыс істейтіні хабарланып отыр.

Түйіндемелер CTS ресми сайтына жіберуге болады немесе  +7 (7172) 577 177 (ішкі 102) нөміріне хабарласу керек.

Серіктес жаңалықтары