$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» экс-қызметкері Алматының әдемі жерлерін иемденіп алған (ВИДЕО)

Ол заңсыз рәсімдеп алған жерлерді 1,3 млрд теңгеге сатып жіберген

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматыдағы филиалында жұмыс істеген Әбдіжапаров мемлекеттің меншігіндегі жерлерді алаяқтықпен өз атына жазып алып, кейін оны 1,3 млрд теңгеге сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қалай болған

Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған. Алайда, шын жүзінде әкімдіктер ондай қаулы шығармаған.

Ол қандай жерлерді алып алған

Ол жалған қаулы арқылы Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдерін 5 жыл мерзімге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға берген. кейін ол жерлерді  өзінің «Айша Групп» ЖШС-нің атына қайта тіркеген.

Сот қандай шешім қабылдады

Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, жеті жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары