$ 509.26  574.75  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісайдағы газ құю бекетіндегі жарылысқа директор мен жүргізуші кінәлі болып шықты

Олардың әрқайсысы адам өлімі үшін бес жыл түрмеде отыратын болды 

Жетісайдағы газ құю бекетіндегі жарылысқа директор мен жүргізуші кінәлі болып шықты
Фото: Freepik

Түркістан облысы Жетісай ауданында жанармай құю бекетінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, екі адамның өліміне себеп болған «JOL YRYSY» компаниясының директоры мен жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық іс және сот үкімі

Қорқынышты оқиға осы жылдың 21 науырызында болған. Араға бір ай салып, яғни, 2025 жылдың 29 сәуірі күні іске қатысты сот процессі өтті. Сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірін жалмаған өртке байланысты «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорын әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Сонымен қатар, моральдық және материалдық шығынның бір бөлігі өтелді.

Айта кетейік, 21 наурыз күні  Станция зақымданып, резервуардан газ ағып кеткен. Жалын жақын жерде тұрған көлікке тиіп, салдарынан екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Тағы үш адамды күйік шалған. 

Серіктес жаңалықтары