$ 512.66  580.59  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күресетін деңгейге жетті: Қытайдағы екі роботтың боксы талқыланып жатыр

Олар рингте өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті 

Күресетін деңгейге жетті: Қытайдағы екі роботтың боксы талқыланып жатыр
Фото: скрин

Қытайдың Ханчжоу қаласында адам тәрізді роботтар алғаш рет муай-тай стилінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Unitree Fist King: Awakening атауымен өткен турнирде роботтар арнайы құрылғылар арқылы дауыстық командаларды орындай алған.

Роботтар LiDAR сенсорлары мен тереңдік камераларымен жабдықталып, хук, тізе соққысы секілді күрделі комбинацияларды көрсетті. Құлаған робот 8 секунд ішінде орнынан тұра алмаса, жеңілді деп саналды. Осылайша өнертапқыштар роботтардың тепе-теңдік сақтау, қозғалыс және реакция қабілеттерін сынаған. Желтоқсанда өтетін келесі турда көрерменге қызығырақ әрі жылдам жекпе-жек көрсету жоспарланып отыр.

Unitree G1 моделі 2024 жылы таныстырылып, салмағы 35-47 кг, бойы 127 см, ал қозғалу жылдамдығы 2 м/с дейін жететіні хабарланған. Бұрын компания робот пен адам арасындағы жаттығу айқастарын да көрсеткен болатын.

Қазіргі нұсқаларда роботтар әлі де баяу қозғалады және реакциясы шектеулі. Дегенмен, мұндай жарыстар болашақта көрермен үшін тартымды форматқа айналуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары