Қазақстанда өткен тәулікте 215 адам коронавирус жұқтырды
Елімізде індетке шалдыққандар саны 13 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 215 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Өсім 1,7% құрады.
Аймақтар бойынша вирус жұқтырғандар саны төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 42 (1.7%)
Қарағанды облысы - 41 (3.6%)
Батыс Қазақстан облысы - 27 (3.3%)
Шымкент қаласы - 22 (2.3%)
Алматы қаласы - 22 (0.8%)
Павлодар облысы - 16 (6,0%)
Жамбыл облысы - 11 (2.6%)
Шығыс Қазақстан облысы - 9 (4.7%)
Атырау облысы - 9 (0.7%)
Алматы облысы - 5 (1,1%)
Қостанай облысы - 3 (1,5%)
Маңғыстау облысы - 3 (0.9%)
Түркістан облысы - 3 (0.8%)
Ақмола облысы - 1 (0,6%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 1 (1.6%)
Өткен тәулікте республика бойынша 361 адам COVID-19 вирусынан емделіп шықты. 2 адам қайтыс болды.
Жалпы еліміз бойынша коронавируспен ауырғандар саны 13074, емделіп шыққандар - 7737, кайтыс болғандар – 58.