$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көзі жартылай жабық, қабырғасы пышақталған»: Шерзаттың мәйіті жайлы хаттама

Оның денесінде басқа да көгерген жерлер болған

«Көзі жартылай жабық, қабырғасы пышақталған»: Шерзаттың мәйіті жайлы хаттама
Фото: видеодан скриншот

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұмның мәйітіне қатысты сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сараптама Талғар аудандық орталық ауруханасының мәйітханасында жасалған.

Прокурордың айтуынша, сот-медициналық сараптама барысында Шерзат Полаттың денесінде бірнеше жарақат іздері болған.

«Мәйіттің бойы шамамен 170–175 см, арық денелі. Көздері жартылай жабық. Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары мен көгерген іздер байқалған. Үстіңгі ернінде де қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында жарақат, ал оң қолдың білек тұсында 2 см жарақат бар», – деді Дана Сәрсенбай.

Ең басты жарақат – сол жақ қабырға тұсына салынған.

«Мәйіттің сол жақ қабырға тұсында 2,5 см өткір затпен салынған, сұғылмалы-кесілмелі жарақат анықталған. Мәйітті тексеру барысында басқа айқын жарақаттар табылмады», – деп нақтылады прокурор.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Ruhy» youtube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары