$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында әскер қатарына үш апта бұрын алынған сарбаз көз жұмды

Қайғылы оқиға 19 мамырда болған

Абай облысында әскер қатарына үш апта бұрын алынған сарбаз көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Аягөз қаласында үш апта бұрын әскерге шақырылған сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ем көмектеспеді

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының мәліметінше қайғылы оқиға бактериялық менингит себеп болған.  

"Ем жасалғаннан кейін де жағдайы жақсармады. 17 мамырда ультрадыбыстық диагностика және КТ арқылы қосымша тексеріс жүргізіліп, пациент Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.  

Алайда 18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлаған.

"Ол бактериялық менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды", - дейді баспасөз қызметі.

Әскер қатарына өткен айда қабылданған

Сарбаз әскер қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан биыл 25 сәуірде шақыртылған.

Қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді

Серіктес жаңалықтары