Алматыда ер адам танысын атып тастады
Күдікті 35 жаста

Алматыдағы ғимараттардың бірінде атыс болды. Екі ер адам жанжалдасып, бірі оқ атқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті 35 жастағы Жетісу облысының тумасы екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала анықталғандай, бір-бірін танитын ер адамдар арасында жанжал шығып, соның салдарынан олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Басқа да мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 8 мамырда Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында атыс болып, жараланған 4 адам күдікті ретінде ұсталған еді.
Алматы облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Ауруханаға жатқызылған төрт күдікті күзетте отыр. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полициядан.