07.06.2020, 22:34
Оқиғалар
Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды
Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан 56 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Павлодар облысында 1957 жылы туған ер, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды