07.06.2020, 16:55
Оқиғалар
Алматы облысында ер адам аурухана терезесінен секірмек болды
Ол ауруханаға күйзеліс салдарынан түскен
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысы Ұзынағаш ауылының ауруханасына 4 маусым күні түскен 45 жастағы ер адам терезеден секірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.
«Ер адам ауруханадан шыққысы келген. Дәрігерлер оны босатпағаннан кейін, ол терезеден секірмек болған. Аурухана қызметкерлері құтқарушылар мен полицейлерді шақырған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам секірмек болған кезде оны ұстап алып, қайта палатаға кіргізген», - деп жазады басылым.
Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Ол күйзеліске ұшыраған. Қазір туыстарының қасында. Полиция оқиғаға байланысты қажетті тексеріс жүргізілетінін хабарлады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)