Атырауда газ құю стансасындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған

Фото: azh.kz

5 маусым күні Атыраудағы жарылыс пен өрттен зардап шеккен газ тасымалдайтын жүргізуші облстық ауруханада көз жұмды. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап.

«Қаза тапқан 34 жастағы азамат - Құрманғазы ауданының тұрғыны. Оның артында төрт баласы мен жүкті әйелі қалды. Отбасы қалада пәтер жалдап тұрған», - деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетсек, 5 маусым күні Атырауда газ құю стансасында автоцистерна жарылды. 1 сағатқа жуық уақытта сөндірілген өрттен 4 адам щардап шеккенін бұған дейін хабарлаған едік.