Атырауда газ құю стансасында автоцистерна жарылды
Төрт адам зардап шекті
Атырау облыстық тТтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс және өрт туралы хабарлама таңғы сағат 8-де жеткен. Өртті толықтай жою үшін бір сағат уақыт қажет болған. Сондай-ақ апаттан 4 адам зардап шеккен.
«Май құюшы, газ тасымалдайтын жүргізуші және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері - бөлімше командирі және өрт сөндіруші зардап шекті», - деп хабарлады ТЖД.
Жарылыстан шыққан өрт сағат 09.58-де сөндірілді.
«5 маусым күні таңертең Атырау қаласында Атамбаев көшесі, 5А мекенжайындағы «ПромГаз» аумағында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 60-70 метр аралықтағы ғимараттар зақымданды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 25 маманы және 4 техника жіберілді», - делінген хабарламада.