Оралда мектеп-интернат мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан
Ол 80 сағат қоғамдық жұмыспен айналысуға міндеттелді
Оралда есту және сөйлеу қабілеті дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды бірнеше рет ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ол сабақ өткізу барысында балаларды доппен ұрған. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», – деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ата-аналар тарапынан шағым болмағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылған. Дегенмен, прокуратура бұл шешіммен келіспей, істі сотқа жіберді.
«Орал қалалық сотының шешімімен мұғалім ҚР Қылмыстық кодекстің 2 бөлімі 140 бабы бойынша айыпты деп танылып, 80 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – деп жазылған хабарламада.