06.06.2020, 12:47
Оқиғалар
Семейде паркингтен өрт шығып, 60-тан астам адам эвакуацияланды
Олардың сегізі - балалар
Фото: баспасөз қызметінен
Семейде жерасты паркингінен өрт шығып, көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖ басқармасына сілтеме жасап.
«5 маусым күні түнгі сағат 23.00-де Ыбыраев көшесіндегі тоғызқабатты үйдің паркингінде 2000 жылы шыққан Toyota Land Cruiser көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт 8 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнынан 57 ересек адам мен 8 бала эвакуацияланған», - деп жазылған хабарламада.
ТЖ басқармасының хабарлауынша, өрт сөндірушілерді тұрғындар шақырған. Өрт 20 минутта сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды