«Қызық үшін жасаған»: Алматы облысында күшікті өртеп жіберген жасөспірімдер ұсталды
Ұсталған күдіктілер - 15, 16 жастағы жасөспірімдер
Әлеуметтік желілерде бірнеше баланың күшікті қапқа орап, тірідей өртеп жіберген видеосы тарады. Оқиға Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылында болған. Үй жануарын азаптап өлтірген күдіктілер қолға түсті.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірім ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекетке кінәлі екенін толық мойындап, мұндай ауыр қылмысқа қызық көру үшін барғандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілікке жататын қаскөйлік жағдай, – деді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.