25.04.2025, 10:40
Оқиғалар
Астанадағы Министрліктер үйінің алдында бір адамды көлік қағып кетті
Ер адам ауруханада жатыр
Фото: видеодан скриншот
Астананың сол жағалауындағы Министрліктер үйінің жанында ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты бүгін таңертең Достық көшесінде болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша Nissan автокөлігінде отырған жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті