$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пәкістан Үндістанның бақылау бекеттеріне оқ жаудырды

Бұл соғысқа ұласып кетуі әбден мүмкін

Пәкістан Үндістанның бақылау бекеттеріне оқ жаудырды
Фото: Reuters

Пәкістан әскері Үндістанмен арадағы бақылау сызығы бойындағы бірқатар посттарға оқ атып, үнді сарбаздары қарсылық ретінде қарсы оқ ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейбір учаскелерде бақылау сызығы бойында атыс қаруын қолданумен байланысты оқиғалар тіркелді, бұл әрекеттерді бірінші болып Пәкістан бастады», – делінген ақпаратта.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет әзірге түскен жоқ.

22 сәуір күні Үндістанның солтүстігінде орналасқан Джамму мен Кашмир аймағында лаңкестік шабуыл болды. Қарулы содырлар Байсаран жазығында тауға көтеріліп бара жатқан туристерге автомат қаруынан оқ жаудырған.

БАҚ мәліметінше, шабуылды Ауғанстандағы «Қарсыласу майданы» атты топ өз мойнына алған. Бұл ұйым Ресейде тыйым салынған, Пәкістанда орналасқан «Лашкар-и-Тайба» лаңкестік ұйымымен байланысты делінеді. Hindustan Times басылымы үнді барлау қызметінің шабуылға Пәкістанның қатысы барын дәлелдейтін деректер алғанын жазды.

Осы оқиғалардан кейін Үндістан барлық пәкістандық азаматтарды елден шығаратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы «Аттари» бақылау-өткізу бекеті де жабылады.

The New York Times басылымы Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталып кетуі мүмкін екенін хабарлады. Басылым сарапшылары жағдайдың ушығуы 2019 жылғы шиеленістен де ауқымды болатынын айтып отыр. Қарулы қақтығыстың басталуына 22 сәуірдегі лаңкестік әрекет себеп болды. Нью-Дели бұл шабуылға Пәкістанды кінәлап отыр, ал Исламабад үнді тарапының реакциясын әділетсіз әрі саяси астары бар деп бағалады.

 

Серіктес жаңалықтары