$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тұрғынына жеті жыл бойы 5 млн теңгесін қайтармай жүрген жігіт Сауд Арабиясында қолға түсті

Қазақстанның сұрауы бойынша ол осы елде ұсталған

Алматы тұрғынына жеті жыл бойы 5 млн теңгесін қайтармай жүрген жігіт Сауд Арабиясында қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Осыдан жеті жыл бұрын, 2018 жылдың жазында Алматы тұрғынын алдап, 5 млн теңгесін алып алған жігіт Сауд Арабиясында қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, ол 2018 жылдың жазында Өзбекстаннан арзан бағада көкөніс пен жеміс-жидек жеткізіп беремін деген сылтаумен Алматы тұрғынынан 5 млн теңге алған. Алайда, уәдесін орындамай, ақшаны алып, қашып кеткен.

«Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Қазақстан ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды», - деп хабарлайды Polisia.kz.

Серіктес жаңалықтары