23.04.2025, 17:12
Оқиғалар
Көкшетауда такси жүргізушісінің зәресін алған үш жігітті полиция қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті (ВИДЕО)
Олар такси жүргізушісінен үнемі ақша бопсалаған
Ақмола облысының полиция қызметкерлері такси жүргізушісін үнемі бопсалаған үш жігітті қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған. Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары өтіп, полиция қызметкерлері такси иесі ақша берген сәтте оларды қылмыс үстінде қолға түсірген. Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты. Олардың екеуі бұрын да қылмыс жасаған», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды