14.04.2025, 11:05
Оқиғалар
Туристер екі жылдан кейін Бозжырадағы қонақүйде демалады
2027 жылы пайдалануға беріледі
Фото: Shutterstock
Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында туристік жобаның құрылысы басталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған.
Кешен құрылысы отандық инвестор — «Pana Asia» ЖШС-нің жеке қаржысына салынады. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді.
Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін, Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салынатын болып, кейін жоба іске аспай қалған еді.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті