$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 15:52
Оқиғалар

Ордабасы ауданында 10-нан астам мал ұрлығын жасаған екі қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топтың бірі 47 бас қой ұрлаған

Ордабасы ауданында 10-нан астам мал ұрлығын жасаған екі қылмыстық топ ұсталды
фото: polisia.kz

Ордабасы ауданында жыл басынан бері 18 мал ұрлығы тіркеліп, оның 12-сі ашылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  

Ордабасы аудандық Полиция бөлімшесінің криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыс күшімен мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Қылмыстық топтың бірінде төрт адам болған, олар ауданға қарасты ауылдардың бірінен қой ұрлаумен айналысқан. Екінші қылмыстық топтың құрамында да жергілікті төрт тұрғын бар. Олардың Ордабасы ауданы Амангелді ауылынан ұрланған 47 бас қой ұрлығына қатысы бары анықталды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін мал ұрлығына қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Ұрланған қойлардың басым бөлігі заңды иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Ордабасы аудандық Полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Махамбетовтың айтуынша, ұрлықың көбеюіне үй малын қараусыз қалдыратын ауыл тұрғындарының бейқамдығы себеп болып отыр.

Серіктес жаңалықтары