07.04.2025, 15:50
Оқиғалар
Алматы әуежайындағы қызметкер қызды шашынан жұлып, кепілге алған адамның соты басталды
Оқиға биыл 7 наурыз күні болған
Биыл 7 наурыз күні Алматы әуежайында қызметкер қызды шашынан жұлып, кепілге алған Машрапбек Баратовтың соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қылмыстық істі Түркісіб ауданының соты қарайды. 67 жастағы Машрапбек Баратов бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзған еді. Бұл жолы оған Қылмыстық кодекстің бір емес, үш бабы бойынша қозғалған.
Еске салсақ, 7 наурызда Алматы әуежайында суық қару ұстаған азамат қызметкерлердің бірін кепілге алған еді. Кейін оқиға орнында болған азамат Мұса Әбдірайымов бойжеткеннің орнына өзі кепілге түсіп, кейін әлгі адамның қолынан пышақты жұлып алған еді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды