07.04.2025, 15:13
Оқиғалар
Алматыда электр самокатпен келе жатқан бойжеткенді көлік қағып кетті
Бойжеткен ауруханаға жеткізілді
Фото: istockphoto.com
Жол-көлік оқиғасы Әбіш Кекілбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бойжеткенді қағып кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға кезінде BYD маркалы көліктің жүргізушісі Торайғыров көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Сол кезде жаяу жүргіншілер өткелінен электр самокатпен өтпек болған бойжеткенді қағып кеткен.
«Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Қыз бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)