Үлкен Алматыда дәл Наурыз күні көшеде көкпар тартқан ер адамның соты өтті
Оның ісін Еңбекшіқазақ ауданының соты қараған

2025 жылдың 22 наурызы күні сағат 16:20-да Алматы облысы Тауқаратұрық ауылында, Үлкен Алматы тас жолында көкпар ойнаған азамат енді 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ісін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының №2 соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша қараған.
«2025 жылғы 22 наурызда 16 сағат 20 минутта, азамат Е. Алматы облысындағы Тауқаратұрық ауылында болған кезде Үлкен Алматы каналы тас жолында қоғамдық орында көкпар ойнап, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзды. Сотта ол кінәсін мойындап, құқық бұзу фактісін растады, қатаң жазаламауды сұрады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот әкімшілік жаза қолдануда бұл азаматтың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды анықтап, оған 20 АЕК айыппұл салған.