Қостанайда рецидивист мас күйінде өгей ұлын аса қатігездікпен өлтіріп кеткен
Оның ісі сотқа жолданды

Осы жылдың басында Қостанайда бұрын бірнеше рет сотталған ер адам ішімдік ішіп, кәмелет жасына толмаған өгей ұлын өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қанды оқиға туралы Қостанай облысының прокуратурасы енді ақпарат таратып отыр. Дереккөзге сүйенсек, қылмыс 2025 жылдың 9 қаңтарында болған.
«Бұрын бірнеше рет сотталған Қостанай қаласының тұрғыны бір бөлмелі пәтерде мас күйінде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлын аса қатыгездікпен өлтірген. Артынан әйелді ұрып-соққан», - деп хабарлайды прокуратура.
Биыл 28 ақпан күні Қостанай облысының прокуратурасы Қостанай қаласында кәмелетке толмағанадамды өлтіру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітіп, қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.