Алматы облысында COVID-19 індетін жұқтырған 15 адам тіркелді
Бүгінге дейін облыста 376 вирус жұқтырған
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Вирус жұқтырғандардың 5-еуі Талдықорған және тағы 5-еуі Қапшағай қалаларында, 1 адам Ақсу, 1 адам Талғар, 1 адам Қарасай, 1 адам Панфилов және тағы 1 адам Ескелді аудандарында тіркелген.
«1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған 9 азамат профилактикалық мақсатпен тексеруден өткен. 6-уы — 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 жылғы, олар бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған. Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
1 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 376 адам тіркелген, олардың ішінде 191-і сауығып шыққан.