01.06.2020, 13:50
Оқиғалар
ШҚО-да үйдің үшінші қабатынан құлаған 1,5 жасар сәби аман қалды
Терезедегі москит торы бала салмағын көтере алмаған
Көрнекі фотосурет: myslo.com сайтынан
30 мамырда Алтай қаласында бір жарым жасар сәби үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткен. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлады.
«Терезенің жанында диван болған. Бала сол ақыры терезе алды тақтайшаға шыққан. Сонда терезедегі москит торы бала салмағын көтере алмай, 1,5 жасар сәби құлап кеткен. Бала аман, ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.
Мұндай оқыс жағдай облыс аумағында биыл бірінші рет болып отыр екен. Құтқарушылар балалары бар пәтерлер иелеріне ескерту жасап, арнайы терезе құлыптарын орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алыс жерге қоюға шақырды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды