$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда шенеунік арам шөп улайтын арзан тыңайтқыш үшін 2,6 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)

Осы арқылы ол 14,9 млн теңге қаражат жымқырған

Түркістанда шенеунік арам шөп улайтын арзан тыңайтқыш үшін 2,6 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» мекемесінің бұрынғы басшысы арзан пестицидтер мен гербицидтер сатып алғаны үшін 2,6 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың мәліметіне сүйенсек, Бегасиловтан басқа оның орынбасарлары мен бір кәсіпкерге өатысты үкім шыққан.

«Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сай келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды», - деп хабарлайды Антикор.

Бұдан өзге олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары