30.05.2020, 00:54
Оқиғалар
Қостанайда 8 жасар баланы көлік қағып кетті
Ол ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай қаласында 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 29 мамыр күні сағат 17.30 шамасында Қайырбеков және Рабочая көшелерінің қиылысында болған. «Opel Frontera көлігінің 54 жастағы жүргізушісі КСК шағын ауданына бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша баланың жамбас сүйегі сынған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді