29.05.2020, 21:22
Оқиғалар
Елордада жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 13 адам зардап шекті
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Елордада «КамАЗ» жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«29 мамыр күні «КамАЗ» жүк көлігін басқарып келе жатқан 1994 жылғы азамат Ақжол көшесінің бойында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүк көлігі «МАН» маркалы автобуспен соқтығысқан. Жол апатынан автобустың 13 жолаушысы зардап шегіп, медицина мекемелеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта екі жолаушының сүйегі сынғаны, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алғаны белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді