$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зейнеткер алаяқтарға алданып, 46 млн теңгесін беріп жіберген

Алаяқтар қарияға келіп ақшаны алып кеткен 

Шымкентте 69 жастағы әйел бар жиған-терген ақшасын қолды қылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған алдымен «ұялы байланыс операторлары» хабарласып, телефон нөмірінің мерзімі аяқталғанын айтады. Оны ұзарту үшін SMS код жібереді. Кейін тағы да сол алаяқтар полицей болып хабарласып, зейнеткердің шотында күмәнді операциялар басталғанын хабарлап, оған ақшасының бәрін шешіп алуды бұйырады. Содан соң ақшаны сенімді адамдарға бере тұруға көндіреді. Әйел 46 млн теңгесін алып, ауладағы орындықтың үстіне қояды, құқық қорғау органдарының қызметкері болып рөл ойнап жүрген алаяқтар келіп, ақшаны алып кетеді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.
 

Серіктес жаңалықтары