Айта кетейік, блогерлердің 53,3 млрд теңге салығын жасырғаны анықталған
Әзіл-шыны аралас видео түсіріп, танымал болған танымал блогер Алексей Лодочников мемлекеттік кірістер комитеті тек қана блогерлерді емес, имамдар мен молдаларды, шіркеу қызметкерлерін де тексеру керек деп санайды. Бұл туралы ойын өзінің желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Байлығымен мақтанып жүрген блогерлер енді бәрі қайдан келгенін дәлелдесін. Заң бәріне бірдей болу керек деп санаймын. Имамдар, молда мен «священниктерді» айтатын болсақ, тексерістерден өткізу керек деп ойлаймын. Ия, мүмкін қиын болатын шығар. Өйткені көбі ақшаны қолма-қол алады. Білетін, көрген адам келіседі. Көпке топырақ шашып тұрған жоқпын, бірақ, соған да назар аудару керек!», - деді ол.
Айта кетсек, қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті камералдық бақылау кезінде 594 блогер 53,3 млрд теңге салығын жасырғанын анықтаған болатын. Сондай-ақ әлеуметтік желіде салық қарызы милллионнан миллиарқа дейін жеткен тұлғалардың тізімі тараған еді. Таяуда Қаржылық мониторинг Агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов оларға қатысты қылмыстық істің ашылу, ашылмауы туралы сұраққа жауап берген.