Оралда баланың жағын сындырғандар оны арашалаған жігіттен кек алу үшін үйінің жанында атып кеткен
Жігіттің екі жеріне оқ тиіп, қатты жараланған
![Оралда баланың жағын сындырғандар оны арашалаған жігіттен кек алу үшін үйінің жанында атып кеткен](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/13/67adebbead545454922169.jpeg)
Орал маңындағы Круглоозерное кентінің екі тұрғыны 2025 жылдың 14 қаңтары күні түн ішінде Кирилл Иртикеевтің үйіне келіп, оны екі рет атып кеткен. Оған себеп – Кирилл Жаңа жыл қарсаңында жас баланы осы екі жігіттен арашалап алған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасай отырып.
Жігіттің анасы Ирина Иртикееваның айтуынша, балалар арасындағы бірінші төбелес 2024 жылдың 28 желтоқсанында болған.
«28 желтоқсан күні әлгі екі азамат бір жас баланың жағын сындырып жатқанда, менің ұлым көмекке келіп, оны арашалап қалған. Уақыт өте келе, 14 қаңтар күні таңға жақын менің ұлымды далаға шығарып алып, екі жерінен атып кеткен», - дейді ол.
Оның айтуынша, ұлы 15 қаңтар күні вахталық жұмысына кетуі керек еді. Ал қазір анасы айтқанда баласы жарақатына байланысты тіпті орнынан тұра алмайды.
«Баламның жағдайы ауыр, үш саусағы мұүлде қозғалмайды. Ішін тіккен, қабырғасынан оқ алған. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Әуел баста тек бірінші күдікті ғана ұсталды. Екінші күдіктіні тек әлеуметтік желідегі видеодан кейін ғана ұстады», - дейді анасы.
БҚО полициясының хабарлауынша, полиция адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.