12.02.2025, 09:51
Оқиғалар
Астанада пәтері өртенген ер адам қалың көрпені бір-біріне жалғап, 9-қабаттан жерге түспек болған (ВИДЕО)
Абырой болғанда құтқарушылар оқиға орнына келіп, оны құтқарып алды
Фото: скриншот
Астана қаласындағы биік үйлердің ең жоғарғы қабатында өрт шығып, қалың түтіннен қашпақ болған ер адам үйдегі көрпелерді бір-біріне жалғап, төмен түспек болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны арнайы техниканың көмегімен құтқарып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сарайшық ауданында Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан. Құтқарушылар оны дәрігерлерге тапсырды», - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
