$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада атақты дүкендердің бірінен екі жыл бойы 120 қымбат зат ұрлаған бір топ адам ұсталды (ВИДЕО)

Олар ұрланған қымбат техниканы қайта сатып, 450 млн теңге тапқан

Астанада тұрмыстық техника мен қымбат ұялы телефон сататын белгілі дүкеннің электронды жүйесіне кіріп, екі жыл ішінде 120 түрлі тауар ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олар сол арқылы жалпы сомасы 450 млн теңге тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министтрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты 20 тінту өткен.

«Тінту барысында 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша жүріп жатыр», - дейді Қуандық Алпыс.

Серіктес жаңалықтары