12.02.2025, 11:20
Оқиғалар
Қазаққа келін болған филиппин қызы енесінің сорпасын мақтады (ВИДЕО)
Ол қазір блогерге айналған
Фото: видеодан скриншот
Филиппинен қазаққа келін болған ару енесінің ол үшін жасап берген сорпаның дәмін көріп, мақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лиана есімді филиппин қызы Нұрдәулет есімді қазақ жігітімен Мальдив аралдарында танысқан. Қазір ол қазақ отбасында келіндік міндеттерін атқарып жүр. Әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман саны көп деуге болады.
«Анам маған Филиппин сорпасын дайындап берді. Өте дәмді», - деп бөлісті ол.
Оның оқырмандары енесі мен келіні қатты ұқсайтынын жазған.
«Келін қайын ененің топырағынан деп бекер айтпайды ғой. Анаңыз алтын екен. Ұзақ ғұмыр берсін. Күйеуінің артынан бөтен елге кеткені де ерлік қой», - деп жазған олар.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)
Бүгін, 01:23
Үш рет қабылдаудан бас тартқан, кейін ота жасалған: Ақтауда көз жұмған баланың анасы министрліктен жауап алды
Бүгін, 15:35
10 тамыз күні ауа райы қандай болады