28.05.2020, 00:25
Оқиғалар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қылмыстық топтың жолын кесті
Екі қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен
Фото: баспасөз қызметінен
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар», - деп жазылған хабарламада.
Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында әртүрлі қарудың 11 түрі, 200-ден астам оқ-дәрілер алынды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы