$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО өз аумағында су тасқынына аса қатты дайындық режимін жариялады

Бұндай өкімді облыс әкімдігі шығарған

ШҚО өз аумағында су тасқынына аса қатты дайындық режимін жариялады
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстанда 2025 жылғы 01 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандар су айдындарына мониторинг жүргізген.

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 156 мың текше метрден астам қар шығарды. Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 2511 адамы, 242 мотопомпасы, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 46 жүзу құралы, сондай-ақ 800-ден астам техника топтастырылған. 64 мың дана қап, 9323 тонна инертті материалдар дайындалды», - деп хабарлайды ТЖД.

Айта кетейік, «Қазгидромет» бұған дейін су басу қауіпі қатты бірнеше облысты атаған. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы да бар. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#су тасқыны #ШҚО