03.02.2025, 15:50
Оқиғалар
«Халықтың өміріне қауіп төндірген»: прокурорлар Алматы облысындағы 8 су қоймасын қайтарып алды
Олар мемлекет балансына өтті
Фото: скриншот
Алматы облысының табиғатты қорғау жөніндегі прокуратурасы 8 су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл су қоймалары сенімгерлік негізде жекеменшік тұлғалардың басқаруына берілген. Олар осы 8 су қоймасының техникалық жай-күйін сақтауға қатысты шарттарын орындамай, елемеген. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген. Бұл – халықтың өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Осылайша, 8 шарт бұзылып, құны 20 млрд теңгеден астам мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы