$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шайтан қуғыш» атыраулық емші әкімшілік жазамен құтылатын болды

Балалардың ата-аналары оның үстінен арыз жазбаған 

«Шайтан қуғыш» атыраулық емші әкімшілік жазамен құтылатын болды
Фото: скриншот

Кішкентай балалардың ішінен «шайтан қуып» емдеп, көпшіліктің ашуына тиген атыраулық емші Кейқуат Оспановқа қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспеген, сондықтан оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр», - деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, Алматыда емші Кейқуат Оспановқа әйел адам кәмелетке толмаған қызын алып келген. Айтуынша, кішкентай қызы ересек адамның қылығын жасайтын көрінеді. Емші қыз баланың ішіне «жын кірген» деп шешіп, оны шығармақ болған. Баланың қолын байлап, тамағынан қысып, өзінің білетін емін жасаған. Кейін емшінің тағы бір 12 жастағы баланың «жынын шығарып» жатқан видеосы тарады.

Azattyq Rýhy тілшісі Кейқуат Оспановтың өзімен сөйлесіп, оның емдік шара жүргізуге рұқсаты бар-жоғын анықтады. Емші «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығы мекемесінен лицензия алғанын айтты және өзінің бұрын кезекші молда болып Атырау облысының мешіттерінде қызмет еткенін мәлімдеді.

Алайда оның емші деген сертификатының ғана бары және мешітте имам емес, күзетші болып болып жұмыс істегені анықталды. 

Серіктес жаңалықтары